Жаңалықтар мен мақалалар

Маусымнан қыркүйекке дейін Қазақстанда 11 қосымша теміржол бағыты қатынайтын болады

Кестеге жаңа пойыздар, тіркемелі вагондар қосылды, кейбір бағыттарда жүру жиілігі артты.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, маусымнан қыркүйекке дейін үш "Тальго" құрамы және бес стандартты пойыз қатынайды. Сонымен қатар, үш пойызға тіркемелі вагондар қосылады:

  • №253/254 Астана – Достық ("Тальго") аптасына 2 рет жүреді;

  • №207/208 Алматы – Жалаңашкөл ("Тальго") күнтізбе бойынша жүреді;

  • №211/212 Алматы – Достық ("Тальго") күн сайын емес, күн ара жүреді;

  • №221/222 Алматы – Достық аптасына 3 рет жүреді;

  • №457/458 Семей – Достық күн ара жүреді;

  • №459/460 Өскемен – Достық күн ара жүреді;

  • Алматы – Достық бағытындағы тіркемелі вагондар күн ара жүреді;

  • Қызылорда – Достық бағытындағы тіркемелі вагондар күн ара жүреді;

  • Павлодар – Достық бағытындағы тіркемелі вагондар күн ара жүреді;

  • №201/202 Астана – Алматы пойызы күн сайын жүреді;

  • №203/204 Астана – Шымкент пойызы күн сайын жүреді.

Пікірлер (0)

Оставить комментарий/отзыв

Сұраным қалдыру

Оцените нашу работу